Жалған нөмірмен көлік басқарған жүргізушіге жауапкершілік күшейтілмек

771

Елде жалған мемлекеттік нөмірмен ұсталған жүргізушілерге жауапкершілік күшейтіледі, деп хабарлайды Atameken Business.   

Жалған нөмірмен көлік басқарған жүргізушіге жауапкершілік күшейтілмек

Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев айтты.

Енді тек айыппұл төлеуден бөлек 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы көзделген.

Бұған дейін жалған нөмірмен ұсталған жүргізушілер 20 АЕК көлемінде айыппұл төлеп құтылатын. Сондай-ақ бір жылда бестен көп ереже бұзған жүргізушілерге жеңілдік жасалмайды.

Олар айыппұлдың 50 пайызын төлеу құқығынан айырылады. Жеңілдетілген жүйе 2015 жылы қабылданған еді.

Ереже өзгертуге жол заңына бағынбайтын жүргізушілердің көбеюі себеп болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу