Жалпыға ортақ декларациялау 2020 жылдан бастап енгізілуі мүмкін

1487

Жалпыға ортақ декларациялау 2020 жылдан бастап енгізілуі мүмкін

Техникалық себептерге байланысты жеке тұлғалардың кірісі мен мүлкі бойынша жалпыға ортақ декларацияға көшу 2020 жылға дейін тоқтатылды. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде "Салық салу және кедендік әкімшілеу мәселелерді жөніндегі ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы" заң жобасын таныстырған еліміздің Ұлттық экономика министрі қуандық Бишімбаев мәлім етті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат". 

"Қолданыстағы заңнамада жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялауға кезең-кезеңмен көшуі қарастырылған. Бірінші кезеңде 2017 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер, судьялар, басқарушылық және әкімшілік бейіндегі ұлттық компания қызметкерлері, сонымен бірге бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері декларация тапсыра бастауы тиіс болатын. Ал, екінші кезеңде қалған барлық жеке тұлғалар тапсырады. Дегенмен, ағымдағы жылы жалпыға ортақ декларациялауға көшуге дайындық жұмыстарын жүргізу барысында ақпараттық жүйедегі бірқатар кемшіліктер анықталды. Ол аталған процесті жүзеге асыруға кері әсерін тигізуі мүмкін. Осыған орай, 2020 жылдан бастап, бір кезеңмен жалпыға ортақ декаларациялау енгізуді көздейтін өзгертулер ұсынылады", – деді Бишімбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу