Жамбыл облысы алғашқы болып егін орағын аяқтады

372

352,9 мың гектар алқаптан 586,4 мың тонна астық бастырылды.

Жамбыл облысы алғашқы болып егін орағын аяқтады Фото: degdar-news.kz

Жамбылдық жер емген диқандар егін орағын ойдағыдай аяқтады. Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының берген мәліметіне сүйенсек, 352,9 мың гектар алқаптан 586,4 мың тонна астық бастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Көшеновтің айтуынша, орташа өнімділік гектарына 16 центнерді құраған. Басқарма басшысы биыл егіннің шығымы бұрнағы жылдарға қарағанда жақсы болғанын айтады.

"Көктемде жауын-шашын мол түсті. Әрі жылдағыдай судан да тапшылық болмады. Сондықтан да егін бітік шығып, диқандардың еңбегі ақталды. Дала майталмандары астықты алқапты ысырапсыз жинап алу үшін толассыз еңбек етті. Жалпы биылғы жылы 165,1 мың гектарға бидай, 187,7 мың гектарға арпа егіліп, егін ору науқанына 600-ден астам комбайн қатысты.

Айта кету керек, қазіргі уақытта көкөніс және бақша дақылдарын жинау жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінгі күні 4,9 мың гектардан 115,7 мың тонна көкөніс жиналып, өнімділігі гектарына 234,9 центнерді құраса, 3,5 мың гектардан 94,4 мың тонна бақша дақылдары жиналып, өнімділігі гектарына 268,8 центнерді құрауда", – деген Қайрат Есенұлы облыста шөп ору науқаны қызу жүріп жатқанын жеткізді.

Қазіргі уақытта 276,0 мың гектар шөп орылса, оның ішінде 159,5 мың гектар көпжылдық және 115,9 мың гектар табиғи шабындық шөп орылған.

Бүгінгі күні 2,3 миллион тонна пішен, 92,0 мың тонна пішендеме, 370,1 мың тонна сабан дайындалып, бұл бағыттағы жұмыстар жоспарға сәйкес жалғасуда.

Айта кету керек, биыл 2,6 миллион тонна пішен, 99 мың тонна пішендеме, 467,7 мың тонна сабан, 88,0 мың тонна сүрлем дайындау межеленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу