Жамбыл облысы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

332

Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Жамбыл облысы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды Фото: Жамбыл облыстық полиция департаменті

Президент әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы болып Қайсар Сұлтанбаев тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Полиция департаментінің жаңа басшысын бастығын жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха және Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев таныстырды. Қайсар Әбілекұлы Сұлтанбаев ішкі істер органдарында 1990 жылдан бастап қызмет атқарады. Әр жылдары Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстарында басшылық қызметтер атқарған", – деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, өңірде бір ай ішінде бірнеше баланың өлімінен кейін Жамбыл облысының полициясы ауысып отыр.

Қайғылы оқиғалардан кейін өңірлік прокуратура облыс әкімі, әкімдер мен құқық қорғау органдарының басшыларын жинап, кеңес өткізген болатын.

Қайсар Әбілекұлы Сұлтанбаев ішкі істер органдарында 1990 жылдан бастап қызмет атқарады. Әр жылдары Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстарында басшылық қызметтер атқарған.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитетінің және департамент бастығы болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу