Жамбыл облысы шаруалары маусымаралық сақтау қоймаларына зәру

424

Қыркүйек-желтоқсан айларында көкөніс мерзімді сақтау үшін қоймаларға орналастырылады. 

Жамбыл облысы шаруалары маусымаралық сақтау қоймаларына зәру Фото: Inbusiness.kz

Шу және Сарысу аудандарындағы шаруаларға да қаңтар-сәуір аралығындағы маусымаралық кезеңде қойма тапшылығын айқын сезіліп отыр. Екі ауданға көкөністерді сақтау үшін қуаты 16,6 мың тонна тоңазытқыштары бар қоймалар керек. Ал Мойынқұм мен Талас аудандарында мүлдем мұздатқышы бар қоймалар жоқ.

Жалпы Жамбыл облысындағы қоймаларда, жеке секторды қоспағанда, шамамен 13,3 мың тонна өнім сақталады. Оның 72-і тоннасы картоп, 1917 тоннасы –  сәбіз, 40 тоннасы – пияз, қалған 10,1 тоннасы басқа да өнімдер.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы берген мәліметке сүйенсек, былтыр өңірде сыйымдылығы 16,2 мың тонна болатын үш қойма іске қосылған. Олар11,2 мың тонналық қоймалары мұздатқыштармен жабдықталған. Атап айтқанда, Меркі ауданында "Гүлдер" шаруа қожалығының қоймасында 1200 тонна өнім, Қордай ауданының "Шам-Шырақ" шаруа қожалығының қоймасында 5000 тонна өнім сақтауға мүмкіндік туды.

Сондай-ақ, Тараз қаласында 50 мың тонна өнім сақталатын қоймалар ашылды. Бұған дейін Таразда сыйымдылығы 10 мың тонна бар болатын.

Биыл "Жол картасы" аясында жалпы құны 6,2 миллиард теңге болатын екі көкөніс және бір жеміс қоймасын салу бойынша үш жобаны іске асыру жоспарлануда.

Алдағы үш жылда облыста сыйымдылығы 61,3 мың тонна болатын 27 қойманы, оның ішінде 12,9 мың тоннаға арналған тоғыз мұздатқыш қоймаларды іске қосу жоспарлануда.

Айта кету керек, қазіргі уақытта өңірде жалпы сыйымдылығы 255,419 мың тонна болатын 239 қойма жұмыс істейді. Оның ішінде сыйымдылығы 58,978 мың тонна болатын 85 қойма мұздатқыш қондырғылармен жабдықталған. Тоңазытқыштары бар жеті қойма 4,7 мың тонна жеміс, 10,5 мың тоннаға 11 қойма картоп сақтауға арналған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу