Жамбыл облысында 17 жолаушысы бар шағын автобус аударылып қалды

670

Жамбыл облысында 17 жолаушысы бар шағын автобус аударылып қалды

Жамбыл облысындағы Батыс Еуропа - Батыс Қытай тас жолының бойында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы таңғы сағат 7.40-та болған.  Қордай ауданы, Соған ауылының маңында, ішінде 17 жолаушысы бар "Mersedec Sprinter"  шағын автобусы аударылып қалды.

"Салдарынан екі адам мерт болды. Жараланған жолаушылар Қордай ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаны себеп-салдары тексеріліп, бірқатар сараптамалық жұмыстар жасалып жатыр", - делінген баспасөз хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу