Жамбыл облысында 2,4 млрд теңгелік су құбыры салынып жатыр

321

Құрылыс жұмыстарының 65 пайызы орындалды.    

Жамбыл облысында 2,4 млрд теңгелік су құбыры салынып жатыр Фото: gov.kz

Қордайда 2,4 млрд теңгеге су құбыры салынып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қордай ауданында заңсыз активтерді қайтару нәтижесінде мемлекетке түскен қаражат есебінен су құбырының құрылысы жалғасып жатыр.

Нысанның құрылыс барысын Жамбыл облысының прокуроры Жандос Әбдібаев тексерді. Қазір құрылыс жұмыстарының орындалу деңгейі 65%-ға жеткен.

Жоба аясында ішкі су құбыры желілерін төсеу аяқталып, әрқайсысы 500 текше метр болатын екі таза су резервуары салынды. Су жинау аумағы қоршалып, нысанды тәулік бойы күзететін бекет ұйымдастырылған.

Жобаға қарастырылған 2,4 млрд теңгенің 75%-ы игерілді. Құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтап, нысанды пайдалануға беру жоспарланған.

Жоба Қордай ауданы тұрғындарын сапалы әрі үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Жамбыл облысында 15 ауыз су нысанының құрылысы аяқталып, Тараз қаласы мен жеті ауданның 28 мың тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу