Жамбыл облысында 200 педагог заңсыз жалақы алып келген

8439

Жамбылда үйден оқытатын 225 балаға мүлдем сабақ бермеген 200-ден астам педагог заңсыз жалақы алып келген. 

Жамбыл облысында 200 педагог заңсыз жалақы алып келген Фото: taulik.kz

Жамбыл облыстық білім басқармасының мамандары бұл жағдайды мұғалімдердің жалақысы жүрген уақытта балалар  күндізгі стационарларда ем алып жатқан деп түсіндіреді.

Дегенмен, жауапты міндеттеріне жауапсыздық танытқан 78 маманға тәртіп шаралар қолданылыпты.

Мамандардың айтуынша, оларға заңсыз төленген 24,1 миллион теңге түгел кері қайтарылыпты. 

Жамбыл облыстық білім басқармасы аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінен бұл заңбұзушылыққа жол берген басшылар мен жауапты мамандардан түсініктемелер алғанын айтады. Нәтижесінде кейбір балалардың денсаулығы бойынша порталға тіркелгенімен, ауруханаларға жатпағандары анықталған.

Әйтсе де, қоғам белсенділері бұл мәселе бірінші рет туындап отырмағанын айтады. Егер балалардың мектепке келіп білім алатын мүмкіндігі болса, арнайы инклюзивті кабинеттерге келер еді дейді. 

Жамбыл облысында ерекше жағдайда оқумен қамтуды қажет ететін 6233 мүмкіндігі шектеулі бала бар. Оларға орта білім беру үшін осы бағытта жұмыс істейтін 30 арнайы мекеме мен кабинеттер ашылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу