Жамбыл облысында 4 мың адам "Ауыл аманаты" жобасының көмегімен кәсіп ашты

Жоба басталғалы облыстағы 24 ауылға 18,3 млрд теңге бөлінсе, биыл қосымша тағы 24 млрд теңге қаралды. 

Жамбыл облысында 4 мың адам "Ауыл аманаты" жобасының көмегімен кәсіп ашты Фото: "Хабар 24"

2019 жылы Жамбыл облысында пилоттық негізде басталған "Ауыл аманаты" жобасы өзінің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін көрсетті. 

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты. 

"Жоба басталғалы облыстағы 24 ауылға 18,3 млрд теңге бөлінсе, биыл қосымша тағы 24 млрд теңге қаралды. Осылайша, 26 ауылдағы 5 мыңға жуық тұрғынды несиелендіруді көздеп отырмыз. Яғни тұрғындар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жұмыс орындары ашылады", – деді Жамбыл облысының әкімі. 

Осылайша жобамен қамтылған ауыл тұрғындарының орташа табысы 44 мың теңгеден 135 мыңға артады. 

"Біз алдағы 2024-2025 жылдары республикалық бюджет есебінен 45,5 млрд теңгеге қалған 103 ауылдық округтегі 490 мың тұрғынды қамтуды жоспарлап отырмыз", –  деді аймақ басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу