Жамбыл облысында 683 мың гектар жайылымдық жер жетіспейді

613

Өңірде жыл басынан бері 24 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған.  

Жамбыл облысында 683 мың гектар жайылымдық жер жетіспейді Фото: inbusiness.kz

Жамбыл облысында қолда бар малды бағуға болатын 8,1 миллион гектардан аса жер бар. Бұл облыс аумағының 58,2 пайызын құрайды. Дегенмен облыста әлі де 683 мың гектар жайылымдық жер жетіспейді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жайылым жетіспеушілігін жүйелі түрде шешу мақсатында өңірде 5 бағыт бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жамбыл облысы әкімдігі жер қатынастары басқармасының басшысы Ермек Карентаевтың айтуынша, жайылым тапшылығының туындауына бірнеше себеп бар.

"Басты мәселе тұрғындардың малдарын жылдың төрт мезгілінде де және барлық малды ауылда ұстауы болып отыр. Осыдан барып елді мекендер маңындағы жайылымдардың жетіспеушілігі туындауда. Салдарынан жайылым жетіспеушілігі өзекті мәселеге айналып, халықтың наразылығын тудыруда.

Елді мекендер маңындағы жайылымдарды қорғау мақсатында мал басы көп тұрғындардың малын алыс жайылымдарға шығару тетігін Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339 "Ветеринария туралы" Заңға және "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 644 бұйрығын қайта күшіне енгізуді ұсыныс ретінде ұсынамыз.

Әрбір тұрғынның ауласында көктем, жаз, күз мезгілдерінде сауынды 3-4 (сиыр, бие) малын ұстауға, қалған бойдақ малдарын (МІҚ, жылқы, қой, ешкі) ҚР "Жайылымдар туралы" Заңына сәйкес бекітілген ауыл сыртындағы жайылымдарда ұстауды бекіту және оны үйлестіруші орган ретінде ауыл әкімдері, қадағалаушы орган ретінде ветеринария және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аудандық және қалалық бөлімшелерінің, мамандарына жүктеуді қарастыру қажет. Бұл мәселені қазірден қолға алмасақ малды жайып бағу дұрыс ұйымдастырылмағандықтан елді мекендер маңындағы жайылымдарға жүктеме шамадан тыс артып, бұл жерлер деградацияға ұшырайды", дейді Ермек Амангелдіұлы.

2024 жылғы жоспарға сәйкес жалпы көлемі 80 000 мың гектар жерді қайтарылу керек болса, өткен 5 айдың қорытындысы бойынша 24 мыңнан астам гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу