Жамбыл облысында да бір ауылды су басты

929

Жауапты мамандардың айтуынша, жағдай бақылауда. 

Жамбыл облысында да бір ауылды су басты Фото: бейнеден скриншот

Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан Тараз қаласының маңында орналасқан Жамбыл ауданына қарасты Жасөркен ауылын су басты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

2024 жылдың 15 сәуірінде сағат 20:35-те Жамбыл ауданы Жасөркен ауылында толассыз жауған жауын-шашынның салдарынан тау бөктерінен төмен қарай сел жүріп, Жасөркен көшесіндегі 7 ауланы (№54,52,50,48,49,51,53) және М. Әуезов орта мектебінің аумағын су басқандығы туралы ақпарат келіп түскен.

Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жасөркен ауылындағы жағдай бақылауда. Аталған аумақта жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жергілікті атқарушы органдар, облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 51 адам, 4 техника (2 тиегіш, 2 экскаватор), 10 бірлік техника және 6 мотопомпа жұмыс істеуде.

Жалпы Жасөркен ауылында 310 тұрғын үй бар, 2209 адам тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу