Жамбыл облысында темір жол бойында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"5 сәуір күні түнгі сағат бірде Рысқұлов ауданындағы Тәтті-Аспара бағытындағы теміржолдың 337 шақырымында "ҚТЖ" ҰК" компанииясының екі жұмысшысы №0131 электровоздың астына түсті", - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
24 жастағы машинист Б.Елухан оқиға орнында қаза тапты. Екінші жұмысшы, 20 жастағы жігіт Мерке ауданындағы Орталық ауруханаға жеткізілді. Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу