Жамбыл облысында екі жол сақшысы мен шетелдік азамат қайтыс болды

695

Жамбыл облысында жол полицейлері апатқа ұшырады. 

Жамбыл облысында екі жол сақшысы мен шетелдік азамат қайтыс болды

Оқыс оқиғадан қызметтік көліктегі екі жол сақшысы мен бір шетелдік қайтыс болды. Ақпаратты облыстық полиция департаменті өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Онда жол-көлік оқиғасы шілденің 13-і күні болғаны жазылған. 

Алматы– Екатеринбург тас жолының 380-ші шақырымында SsanYong маркалы қызметтік автокөлік аударылып, салдарынан Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері мен Өзбекстан Республикасының бір азаматы қаза тапты.

Жол-көлік оқиғасы көші-қон заңнамасын бұзушыларды жеткізу кезінде болған. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу