Жамбыл облысында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға 69 миллион теңге бөлінді

1737

Өткен жылы өңірде 29 387 қаңғыбас ит және 196 мысық ауланған.

Жамбыл облысында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға 69 миллион теңге бөлінді Фото: Жамбыл облысы ветеринария басқармасы

2024 жылы Жамбыл облысында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға бюджеттен 69 миллион теңге бөлінген. Бұл туралы Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында "Жамбыл облысының ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директорының міндетін атқарушы Ғабитбек Кебеев айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz тілшісі.

Өткен жылы "Жамбыл" 109 диспетчерлік орталығына иесіз жануарларды аулау бойынша түскен хабарламаларға сәйкес 29 387 қаңғыбас ит және 196 мысық ауланыпты. 196 ит уақытша ұстау орнына орналыстырылған. Ережелер бойынша бүгінгі күнге жануарлар иелерінің өтініштері негізінде жануарларға электронды паспорт ашылып, ақпараттық жүйемен 1 842 ит, 780 мысық тіркелген. 589 итке стерилизация кастрация жасалып, 325 иттер табиғи мекендеу ортасына жіберілген.

"Облыстағы эпизоотиялық жағдай" туралы баяндаған Ғабитбек Ақылбекұлы брифингте Жамбыл облысы мал саны бойынша республика бойынша екінші орында тұрғанын мәлім етті. Ауылшаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру жұмыстары облыс әкімінің орынбасарымен бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізіліп, 1 548 130 бас төл бірдейлендірудің деректер қорына енгізіліпті. Облыс бойынша ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында барлығы 4,2 миллион бас ауылшаруашылығы жануары (495 385 мың бас ірі қара, 3,5 миллион бас ұсақ мал, 5 616 бас шошқа, 186 896 мың бас жылқы, 7 мың бас түйе малы) тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу