Жамбыл облысында қант қабылдау науқаны басталды

690

Бүгін Меркі қант зауытының  қызылша өнімдерін қабылдау пункті өз жұмысын бастады.

Жамбыл облысында қант қабылдау науқаны басталды

Жамбыл облысының дихандары өнім жинау науқанына кірісіп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жалпы Меркі ауданы бойынша биылғы жылы 1 870 гектар қызылша түбірі егілген болса, меркілік дихандар 45 000 тоннадан астам өнім алуды жоспарлап отыр. 

Бүгінгі күні қант қызылшасын қазу жұмыстарын "Сыпатай батыр", "Жылыбұлақ-Меркі" ЖШС-тері және "Дән", "Мехрали" шаруа қожалықтары бастады.   Қабылдау пунктіне алғашқы болып "Сыпатай батыр" шаруашылығының қызылшасы жеткізілді. Аталған шаруашылық биыл 130 га алқапқа қызылша егіп, гектарына орташа есеппен 800 центнерден өнім алуда.

Сонымен қатар Меркі қант зауыты да қызылша жинау науқанына сақадай сай. Құрылғыларын сайлаған зауыт басшылығы биыл электронды таразыны қолданысқа енгізген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу