Жамбыл облысында қатты дауылдан 25 ауыл зардап шекті

1137

Жамбыл облысында қатты дауылдан 25 ауыл зардап шекті

Жамбыл облысының Байзақ және Жамбыл аудандарында дауыл салдарынан электр желілері үзілді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мәлімдеуінше, Байзақ ауданында 20-дан астам электр тарату желісі құлап, салдарынан 22 елді мекен жарықсыз қалды. Жамбыл ауданында үш ауыл электр жарығынсыз отыр.

Сондай-ақ бұл ауданда жел жалпы аумағы 1500 шаршы метрден асатын ғимараттардың шатырларын ұшырып әкетті .

"Таразда 10-нан астам электр тарату желілері құлады, жарықсыз қалған абоненттердің саны анықталу үстінде. Жел 2 мың шаршы метр аумақта түрлі бағыттағы ғимараттардың шатырларын ұшырып әкетті", – деді Руслан Иманқұлов.

Бұған дейін хабарланғандай, 3 қарашада түстен кейін басталған дауыл салдарынан облыс орталығында үш адам зардап шекті. Желдің жылдамдығы 35 м/с-қа жеткен.

Апаттық бригадалар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу