Бастапқыда енесі өз атынан несие алған адамның келіні екенін білмеген, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. Сөйтіп аудандық полиция басқармасына арызданған. Тексеру барысында 750 мың теңге несиенің банктің мобильді қосымшасы арқылы рәсімделгені анықталған. Кейуананың осыған дейін ай сайын 100 мың теңге көлемінде төлейтін несиесі бар екен. Ал келіні жасырын алған несие уақытылы төленбегендіктен, банк қызметкері звондап ескерту жасаған. Осылайша банкте пайыздық үстемесін қоспағанда 750 мың теңге "қарызы" бар екенін естіген.
Қазір алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы Т.Рысқұлов ауданының тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Күдікті кінәсін толық мойындады. Осыған қатысты Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.