Жамбыл облысында көпбалалы ана тігін шеберханасын ашты

1500

Аида Ақылбекова жеті бала тәрбиелеп отыр.  

Жамбыл облысында көпбалалы ана тігін шеберханасын ашты

Жамбыл облысы, Жаңатас қаласында тұратын көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмек алғаннан кейін (бұдан әрі - АӘК) әлеуметтік келісімшарт бойынша жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысып, өз үйінде тігін шеберханасын ашты, деп хабарлайды ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілінің баспасөз қызметі.

Көпбалалы ана мемлекет тарапынан қолдау болу керек, бірақ үнемі әлеуметтік көмек алғаннан көрі өз бизнесінің болғаны жақсы деп есептейді.

"Менің ойымша, өмірде кез-келген мамандық қажет болуы мүмкін, сондықтан 25 жасымнан бастап құрылысшы-монтажшыдан аспазшы мамандығына дейін түрлі курстарда оқыдым. Қолымнан барлық дерлік нәрсе келеді деп батыл айта аламын! Үйде жөндеу жұмыстарын да жасай аламын, шашты да әдемілеп қысқарта аламын, асты да дәмді пісіремін. АӘК алғаннан кейін қысқа мерзімді курстарда тігінші мамандығын алдым. Қазір ұлттық стильде көрпе тігу мүлде қиын емес. Мемлекеттік грант бойынша алған ақшаға тігін машинасын, үтік, үтіктеу тақтасы мен ас пісіретін кәсіби пеш сатып алдым. Қазір жаңа туған нәрестелерге арналған киім тігу бойынша тапсырыстар қабылдаймын. Қыста мектеп асханаларына арнап түрлі тоқаштар пісіруді жоспарлап отырмын. Өз бизнесімді амалсыздан үйде жүргізіп келемін, себебі кенже балам әлі кішкентай", – деп көпбалалы бизнесвумен жеткен жетістіктері мен жоспарларымен бөлісті.

Жамбыл облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша, Аида Ақылбековаға ай сайын 163 мың 826 теңге көлемінде жалпы сомасы 1 млн 965 мың 912 теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Өңір бойынша АӘК барлығы 35 мың 497 отбасына тағайындалды, оған  14,5 млрд. теңге көлемінде қаражат жұмсалды.

"Бүгінгі таңда 1 мың 535 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 51 адам жеке ісін ашты, 164 адам біліктілігін арттыру, қайта даярлау және қайта оқыту курстарына жіберілді, 879 адам қоғамдық жұмыстарға, 242 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылып, 63 адам жастар практикасына жіберілді", – деп хабарлады АӘК алушыларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту туралы өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының басшысы Тимуржан Нұрымбетов.

 Аида Ақылбекованың жетістікке жетуі өңірдегі жалғыз оқиға емес. Осыған ұқсас мысал Қордай ауданында да орын алған, онда 5 баланың анасы Меруерт Чораева шаштараз мамандығы бойынша қысқа мерзімді курсында оқып, 505 мың теңге көлемінде мемлекеттік грантты алғаннан кейін сұлулық салонын ашқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы тоғыз айда АӘК 417 мың отбасына немесе 2,1 млн адамға тағайындалды.  АӘК орташа мөлшері бір адамға 2,5 есе, 6848 теңгеден 16 446 теңгеге дейін өсті. Орташа есеппен отбасына 90 мың теңге шығады, айына ең көп тағайындалған сома – 455 мың теңге. Ағымдағы жылы АӘК-ке 206,2 млрд теңге қарастырылған, оның 146,4 млрд теңгесі төленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу