Жамбыл облысында көші-қон заңнамасын бұзған 42 шетел азаматы елден шығарылды

372

Қазақстан аумағында 183 күннен артық болмаған шетелдіктерге тексеру жүргізілді.

Жамбыл облысында көші-қон заңнамасын бұзған 42 шетел азаматы елден шығарылды Фото: Жамбыл облыстық полиция департаменті

Қазақстан аумағында 183 күннен артық болмаған шетелдіктерге тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 52 шетелдіктің бұзушылық деректері анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің қызметкерлері облыс аумағында уақытша не тұрақты болатын шетелдіктерді бақылау бойынша жұмыстарды тұрақты атқаруда. 

Қолданыстағы көші-қон заңнамасы талаптарының бірі Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған шетелдіктерді бақылау болып табылады.

Қазақстан аумағында 183 күннен артық болмаған шетелдіктерге тексеру жүргізілді.

Нәтижесінде 52 шетелдіктің бұзушылық деректері анықталды. Олардың Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға берілген рұқсат қағаздарының күші жойылды. Енді бұл шетелдік азаматтар тегін медициналық көмек, зейнетақы төлемдері және тағы да басқа алу мүмкіндігінен айырылды.

Жалпы, ағымдағы жылдың басынан көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін сот шешімімен республика аумағынан 42 шетел азаматы шығарылды. Көші-қонды бақылауды жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар жалғасын табады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу