Жамбыл облысында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік нысандар іске қосылды

163

Таласта 50 мыңнан астам тұрғынға арналған аурухана жаңартылады.  

Жамбыл облысында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік нысандар іске қосылды Фото: ЖИ

Жамбыл облысының Талас ауданында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен бөлінген қаражатқа бірқатар әлеуметтік жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазір Талас аудандық орталық ауруханасын реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 2,6 млрд теңге болса, оның 2,3 млрд теңгесі мемлекетке қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылған.

Реконструкция аяқталғаннан кейін аурухананың материалдық-техникалық базасы жаңартылып, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі артады. Нәтижесінде ауданның 50 мыңнан астам тұрғыны заманауи талаптарға сай медициналық қызмет ала алады.

Сонымен қатар ауданда екі әлеуметтік нысанның құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді.

Ақкөл ауылында 1 800 тұрғынға қызмет көрсетуге арналған жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. Енді ауыл тұрғындары алғашқы медициналық-санитариялық көмекті елді мекеннен шықпай-ақ ала алады.

Қаратау ауылдық округіне қарасты Қарой ауылында да су құбыры желісінің құрылысы аяқталды. Ауыл тұрғындары бұл жобаны 90 жыл бойы күткен. Құны шамамен 1 млрд теңге болатын жоба нәтижесінде 230 адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Әлеуметтік нысандардың құрылысы мен бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуы Жамбыл облысының прокуратурасының тұрақты бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу