Жамбыл облысында мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 93,6 пайызды құрайды

480

Ал өзге этностар арасындағы қазақ тілін меңгеру деңгейі – 77 пайыз. 

Жамбыл облысында мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 93,6 пайызды құрайды Фото: aikyn.kz

Соңғы халық санағының қорытындысы бойынша Жамбыл облысы тұрғындарының 74 пайызы мемлекеттік тілді толық меңгерген. Іс жүзінде қазір этнос өкілдерінің өзара сөйлесу тілі – орыс тілі. Өзге этностар арасындағы қазақ тілін меңгеру деңгейі 77 пайызды құрап отыр,  деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бұл туралы "Amanat" партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі "Мирас" аймақтық кеңесінің отырысында айтылды. Жиында облыстағы мемлекеттік тілдің бизнес пен мемлекеттік қызмет саласындағы қолданылу аясы қаралды.

Айта кетерлігі, облыста қазіргі тілдік ахуал қазақ тілінде сөйлейтіндердің басымдығымен сипатталады. Мәселен, мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 93,6 пайызды құрайды. Дейтұрғанмен бұл көрсеткіш облыс тұрғындарының еркін жазып, сөйлей алатын деңгейге жеткенін білдірмейді.

Бүгінгі таңда балабақшаларда мемлекеттік тілде тәрбиеленушілердің саны 90,1 пайызға жеткен. Облыстағы таза қазақ тіліндегі мектептер саны артып, 327-ге жетсе, орыс тілінде білім беретін мектеп саны 15-тен 4-ке азайған.

Кеңес отырысында өңірдегі тіл оқыту орталықтарындағы бірқатар олқылықтар айтылып, жөнге келтіру туралы ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ, әлеуметтік нысандар атауларының бейберекетсіз жазылатыны да күн тәртібіне шығарылып, басқарма басшысына ұсыныстар жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу