Жамбыл облысында орманға баруға болмайды

888

Жамбыл облысында 1 маусымнан 20 қыркүйекке дейін тұрғындарға орманға баруға болмайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жамбыл облысында орманға баруға болмайды Фото: inbusiness.kz

Енді жыл сайын өрт туындау қаупі жоғарылайтын осы кезеңде азаматтарға орманға баруға рұқсат жоқ.

"Бұл шектеу орман өртінің алдын алу мақсатында енгізілген. "Орманда өрт қаупі жоғары болып тұрған кезеңде (жыл сайын 1 маусымнан 20 қыркүйекке дейін) жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін", - деп көрсетілген облыс әкімі Нұржан Нұржігітов қол қойған қаулыда", - дейді Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысы М.Шүкеев.

Өңірде өртке қарсы күрес мақсатында орман шаруашылығы мекемелердің орталық усадьбаларында құрамы 9 адамнан тұратын 14 бірлік II типтегі және орман қоры аумағындағы орманшылықтарда құрамы 4 адамнан тұратын 32 бірлік I типтегі орман өрт сөндіру станциялары құрылған.

Сондай-ақ орман шаруашылығы мекеме басшылары мен басшылардың орынбасарлары, I және II типтегі орман өрт сөндіру жетекшілері шекаралас орналасқан орман иеленушінің орман қорындағы өртті өшіруге көмектесу үшін аумақта орналасқан жолдар мен су көздерін жіті білу міндеттелген. Олардың қолында арнайы мекеме директоры бекіткен карта үнемі жүруі тиіс. 

Айта кету керек, орманға баруға тыйым салу шарасы Қостанай облысында да қабылданды. Өткен жылы осы өңірге қарасты Әулиекөл ауданындағы орманда алапат өрт болып, бірнеше аптаға жалғасқан тілсіз жау салдарынан 2 091 адам эвакуацияланып, 12 тұрғын түрлі жарақат алғаны есте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу