Жамбыл облысында полиция қызметкері жол апатынан қаза тапты

371

Полицейдің отбасына Ішкі істер министрі Ержан Сәденов көңіл айтты.

Жамбыл облысында полиция қызметкері жол апатынан қаза тапты Фото: Sadenov_online/instagram

Жамбыл облысы ПД патрульдік полиция батальонының инспекторы, аға лейтенант Нұржан Дүнбаев қызметтік міндетін атқару кезінде жол-көлік оқиғасынан қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қызметтік міндеттерін атқару кезінде ЖКО-да қаза тапқан Жамбыл облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұржан Дүнбаевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Оның есімі әріптестерінің жадында мәңгі қалады. Ішкі істер министрлігі оның отбасына қажетті қолдауды көрсетеді. Экипаждың екінші қызметкері патрульдік полиция инспекторы Бекзат Сотаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін", - деп жазды ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу