Жамбыл облысында сары май мен күріш қымбаттаған

525

Жамбылда қымбаттаған өнімдердің тізімінде сары май, күріш пен бірінші қарақұмық алғашқы орынға шыққан.  

Жамбыл облысында сары май мен күріш қымбаттаған Фото: elements.envato.com

Сары майдікі – 32,5, ақ күріштің бағасы  29,9 пайызға бір-ақ өскен, деп жазады inbusiness.kz.

Ал, бірінші сортты ұн былтырғы бағамен салыстырғанда –  24,8, қарақұмық жармасы – 28,1 пайызға қымбаттаған.

Ұн қымбаттаған соң, нанның бағасы да өсетіні түсінікті. Дүкендерде бірінші сортты ұннан пісірілген нан – 11,5, макарон – 27,5 пайыз үстемемен сатылуда. Сиыр еті – 5,2, тауық еті – 22,7, айран – 20,3, сүзбе – 9, жұмыртқа (10 данасы) – 22,9, күнбағыс майы – 15,7, пияз – 59, картоп – 19,7, шекер – 91,8, тұз 25 пайызға өскен.

Жамбыл облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, өңірде әлеуметтік азық-түлік бағаларының шекті бағамы белгіленген. Бірақ бағамды бағдар ұстап, шектен аспайтындар аз.

Былтыр Жамбылда шекті баға талабын сақтамаған 29 кәсіпкердің үстінен хаттама толтырылған. Бағаны өсіруде шектен асқан 8 кәсіпкер айыппұл төлепті.

Бағаны тұрақтандыру үшін Жамбыл өңірінде "Алқаптан – сөреге" жобасы жасалып, "Әлеуметтік дүкендер" желісі іске қосылған. Алайда, қос бүйірден қысқан қымбатшылыққа бұл да тосқауыл бола алмай тұр.

Бір ғана Тараз қаласында 16 әлеуметтік дүкен ашылған. 16 дүкен аудандарда жұмыс істеп тұр. Ондағы азық-түлік пен көкөністі шекті бағадан асырмайды. Алайда тұрғындар тарапынан өнімдердің сапасына сын жиі айтылады.

Әлеуметтік сауда нысандарына көкөніс пен жеміс-жидек аудандардағы шаруа қожалықтарынан делдалсыз тасымалданатын болған соң, бағасы аса қымбат емес. Сондай-ақ сүт өнімдерін ірімшік зауыттарынан әкеледі. Қарақұмық, қант пен басқа да әлеуметтік маңызы бар тауарлар облыстық тұрақтандыру қорынан бөлінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу