Жамбыл облысында серіктестік басшысы заңсыз құжат жасап, жер сатқан

556

Жамбыл облысында "Ақтас-Қордай" ЖШС-нің басшысы заңсыз құжат жасап, үлескерлердің 100 гектар жерін сатып жіберген.   

Жамбыл облысында серіктестік басшысы заңсыз құжат жасап, жер сатқан Фото: baribar.kz

Соның салдарынан 60-тан астам үлескер өздеріне тиесілі жер телімдерін 6 жылдан бері ала алмай жүр, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Ақтас-Қордай" Қордай ауданындағы Ноғайбай ауылы тұрғындарының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер үлестерінің негізінде құрылған. 20 жыл бұрын егін егіп, шабындықтан төрт түліктің қысқы азығын қамдап, шаруамен айналысамыз деген соң, тұрғындар жер телімдерін серіктестік басшысына сеніп тапсырған.

Алайда серіктестіктің бұрынғы басшысы Қаныбек Спанов жүздеген гектар жерді заңсыз иемденіп, өзге біреулерге сатып жіберген.

Серіктестік мүшесі Мадияр Байдалиевтің айтуынша, ауыл тұрғындарының осы мәселені шеше алмай келіпті. Сот процесстерінің жүріп жатқанына 6 жыл толыпты.

"Серіктестік басшысы заңсыз құжаттар жасаған. Жер телімдерін сату туралы жер иелеріне ескертпеген. Үлескерлер бұл істен хабарсыз қалған. Осыған байланысты біз сотқа жүгіндік", - дейді Мадияр Байдалиев.

Қордай ауданы прокурорының орынбасары Қайсар Бекмұратов бүтін бір ауылдың тұрғындары өз жер телімдерін пайдалана алмай келгенін айтады. Себебі, бұған сот шешімдері кедергі келтіріп келген.

Ауыл тұрғындары ақыры жер телімдеріне иелік етуге мүмкіндік алыпты. Егістік, жайылымдық, шабындық жерлерін қайтарып алған үлескерлер енді серіктестіктің жаңа басшысы мұндай заңсыздыққа бармайды деп үміттенеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу