Жамбыл облысында тас жолдардан 326 адам құтқарылды

422

Оның ішінде 72 бала бар. 

Жамбыл облысында тас жолдардан 326 адам құтқарылды Фото: gov.kz

Жамбыл облысында қар басқан жолдарда қалып қойған 326 адам құтқарылды, деп жазады inbusiness.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"3 қаңтар күні сағат 10.15-тен 4 қаңтар таңғы 05:00-ге дейін Жуалы, Сарысу және Қордай аудандарының өрт сөндіруші-құтқарушылары республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде 326 адамды құтқарып, жақын маңдағы елдімекендерге жеткізді. Олардың ішінде 72 бала бар", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, құтқарылғандардың ешқайсысы да медициналық көмекті қажет етпеді.

Еске салайық, осыған дейін еліміздің 8 облысында республикалық маңызы бар жолдар әлі жабық екендігін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу