Жамбыл облысында тау-кен металлургия комбинаты салынады

541

Нәтижесінде 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

Жамбыл облысында тау-кен металлургия комбинаты салынады Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Monterra Group компаниясының өкілі Иоганн Штоль Жамбыл облысында ірі тау-кен металлургия комбинатын салу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаны 2026-2029 жылдар аралығында үш кезең бойынша іске асыру жоспарланып отыр. Ең жоғары қуатқа жеткеннен кейін кәсіпорын жылына 5 млн тоннаға жуық алтын кенін өндіріп, өңдей алады. Жобаға 832 млрд теңгеге дейін тікелей шетелдік инвестиция тартылады деп күтілуде. Нәтижесінде 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

Заманауи еуропалық өңдеу технологиялары қолданылатын зауыт республикадағы ең жоғары технологиялық зауыттардың біріне айналады. Жалпы алғанда, тау-кен металлургия өнеркәсібі ел экономикасының көптеген салаларын дамытуға мультипликативті әсер етеді.

Кездесу барысында жобаның техникалық құжаттамасын әзірлеу, инфрақұрылым салу, кейін жұмысқа орналасуын қамтамасыз ете отырып, жергілікті тұрғындар арасынан жас мамандар даярлау, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаны сақтау шараларын жүргізу мәселелері талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу