Әскери қызметкерлерді тасымалдайтын автокөлік Жамбыл облысындағы тас жолда аударылды, 17 адам зардап шекті деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрлігінің "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығына сілтеме жасаған "Sputnik Қазақстан" агенттігі.
Автокөлікте 26 әскери қызметкер болған. 17 зардап шеккеннің екеуі жан сақтау бөлімінде жатыр.
"КамАЗ" Айша бибіге қарай кетіп бара жатып аударылған. Көлікте жалпы саны 26 әскери қызметкер болды. Зардап шеккендердің 11-і қазір қалалық ауруханада, алты адам госпиталда", — деді агенттікке сұхбат беруші.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу