Жамбыл облысында Toyota Alphard пен трактор соқтығысып, 6 адам көз жұмды

1304

Жамбыл және Алматы облыстарында соңғы 2 күнде жол апатынан 10 адам қаза тауып, 4 адам зардап шеккен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жамбыл облысында Toyota Alphard пен трактор соқтығысып, 6 адам көз жұмды Фото: ҚазАвтоЖол

24 шілде сағат 09:40-та "Астана – Қарағанды – Алматы" автожолының 451 шақырымында, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қашқантеңіз станциясына жақын жерде Toyota Alphard көлігі мен жүк тиегіш экскаватор соқтығысқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты сақтамаған.

Салдарынан 4 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алды.

Ал 25 шілде сағат 10:15-те Алматы облысы Жамбыл ауданы Самсы ауылының маңында Toyota Alphard көлігі мен трактор соқтығысты.

Сол сәтте жолдың аталған учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан.

Жұмыстар тиісті рұқсатнама негізінде жүзеге асырылып, барлық қажетті уақытша жол белгілері орнатылған.

Жөндеу нысанында 9 қызметкер және 5 техника бірлігі жұмыс істеген.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Alphard жүргізушісі жоғары жылдамдықпен келе жатып, жүк көлігін оң жақ жолақ арқылы басып озуға тырысқан.

Салдарынан ол қоршалған жөндеу аймағына шығып кетіп, арнайы техникамен соқтығысқан.

Оқиғадан 6 адам, оның ішінде 1 жол қызметкері қайтыс болып, 2 адам жарақаттанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу