Жамбыл облысында жол апатынан үш адам қайтыс болды

1530

Жол апаты 3 тамызда сағат 06:40 шамасында "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" республикалық жолдың 193- шақырымында болған.  

Жамбыл облысында жол апатынан үш адам қайтыс болды

Жамбыл облысы аумағында жол апатында үш адам қайтыс болды, екеуі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 "МАЗДА-323" маркалы көлік Алматы қаласынан Тараз қаласына бара жатқан. 21 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай көлік жолдың оң жақ жиегіне шығып, аударылып кеткен.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Олардың бірі еркін күрестен спорт шеберлігіне үміткер. Қордай ауданының орталық ауруханасына түрлі дене жарақатымен үш ер адам жатқызылды, келесі күні ауруханада 24 жастағы еркін күрестен спорт шебері қайтыс болды", – делінген ведомство хабарламасында.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы басталды. Сондай-ақ, сот-медициналық және көлік құралының техникалық жағдайын зерттеу сараптамасы тағайындалған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу