Жамбыл облысында зілзала кезіндегі іс-қимыл пысықталды

98

Соңғы екі жылда өңірде жеңіл және орташа жағдайдағы бірнеше жер сілкінісі тіркелді.    

Жамбыл облысында зілзала кезіндегі іс-қимыл пысықталды Фото: rail-news.kz

Осыған байланысты "Жамбыл жүк тасымалы" және "Жамбыл магистральдық желі" бөлімшелерінің әкімшілік ғимаратында арнайы сейсмикалық оқу-жаттығу өткізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

3 қабатты әкімшілік ғимаратында дабыл белгісі іске қосылып, шартты жағдайда зілзала кезіндегі дүрбелең басталды. Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқару қызметі келгенге дейін кіреберістегі күзетшілер екі филиалдың басшыларының нұсқауына сай сыртқы есікті ашып, іштегілердің далаға шығуына көмектесті.

Оларға жүктелген алғашқы міндет – есік алдында кептелісті болдырмау. Іштен сыртқа шығуға асыққандардың бір-бірін қағып, таптап кетпеуін қадағалаған күзетшілер көпшілікті барынша сабырға шақырып, нұсқауға қарай әрекет етті. 

Мамандар кран арқылы 3-қабатта қалғандарды терезеден сыртқа шығарып, шартты түрде зардап шеккендерге бастапқы медициналық көмек көрсетілді.

Арнайы оқу-жаттығуға Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінен 5 техника, 17 адам жұмылдырылды.

Айта кетейік, бүгін Алматы қаласында жер сілкінді. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жоқ.

Әкімдік зілзала кезінде барлық қосалқы хабарландыру штаттық режимде жұмыс істегенін хабарлады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу