Жамбыл облысындағы 2 ауданда әкім сайлауы өтеді

460

Жамбылда 5 қарашада 2 ауданда аудан әкімдерінің сайлауы өтеді.

Жамбыл облысындағы 2 ауданда әкім сайлауы өтеді Фото: ашық дереккөз

Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттары Т.Рысқұлов және Жуалы ауданының әкімдерін сайлауды пилоттық жобаға енгізуді ұсынды.

"Бұл елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформа аясындағы мүлдем жаңа сайлау болмақ. Заңнамалық тұрғыдан бұл үшін барлық қажетті құқықтық база бар", - дейді облыстық мәслихаттың хатшысы Абдалы Нұралиев.

Жалпы өңірлерде екі жылдан астам уақытта азаматтар таңдау жасап, ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін сайлады. Осы кезеңде ауылдық деңгейдегі әкімдердің төрттен үш бөлігі сайланды. Енді барлық облыста аудандар мен аудандық маңызы бар қалалар әкімдері сайлауының пилоттық жобасы сынақтан өткізілмек.

Депутаттар әкімдерді сайлау – демократиялық қоғам институттарының бірі екенін, бұл қадам халықтың мемлекетті басқаруға қатысуына ықпал ететінін айтады.

"Сайлау ҚР "Сайлау туралы" Заңының 113-бабының 13-1-тарауына сәйкес өтеді. Алда үлкен ұйымдастырушылық жұмыс күтіп тұр. Бізде әлі 55 күн бар, дайындық үшін жеткілікті мерзім бар", - деп түсіндірді мәслихат депутаты Дауыл Бейсенқұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу