Жамбыл облысындағы өндіріс орнында тау жынысы құлап, жұмысшы үйінді астында қалды

607

Компанияда жазатайым оқиғаны тергеу жұмыстары басталды. 

Жамбыл облысындағы өндіріс орнында тау жынысы құлап, жұмысшы үйінді астында қалды Фото: «Алтыналмас» АҚ баспасөз қызметі

18 қыркүйекте Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында орналасқан "Алтыналмас" акционерлік қауымдастығының тау-кен байыту кешендерінің бірінде тау жыныстары құлап, салдарынан бір жұмысшы үйінді астында қалып қойған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Тау жыныстарының қозғалысы мен күрделі географиялық жағдайларға байланысты опырылу аймағына кіру айтарлықтай қиындатылып тұр. Компанияда жазатайым оқиғаны тергеу жұмыстары басталды, опырылым астында қалған қызметкерді табу мақсатында барлық күш салынып жатыр.

Оқиғадан кейін бірден жұмыс тобы құрылды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтайтын болады" дейді "Алтыналмас АК" АҚ баспасөз қызметі.

"Алтыналмас АК" акционерлік қоғамы – толық геологиялық, тау-кен өндіру және алтын өңдеу циклінің компаниясы. Құрамында алтын бар кенді өндіру компанияға тиесілі Қазақстанның 9 кен орнында жүргізіледі.

Компания активтері Қазақстанның 4 өңірінде: Жамбыл, Қарағанды, Абай және Ақмола облыстарында бар. Пайдалы қазбалар "Ақбақай", "Долинное", "Ақсу" алтын өндіру зауыттарында, "Пустинное" байыту фабрикасында және "Алтыналмас Technology" бағалы металдарды өндіру зауытында өңделеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу