Жамбыл облысының Қордай ауданына жаңа әкім тағайындалды

758

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі және Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қордай ауданының әкімі болып Бегзат Болатбек тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Жамбыл облысының Қордай ауданына жаңа әкім тағайындалды Фото: gov.kz

Бегзат Сейсенқұлұлы 1985 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданында туған.

2010 жылы Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Алматы облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментiнің (қаржы полициясының) қызметкері болып бастаған.

Әр жылдары "Барлық-Сауда" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары, Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкері, "Хамза" шаруа қожалығының басшысы, "Адал Дихан" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің басшысы, "Қордай су" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директорының міндетін атқарушы, Қордай ауданы әкімінің орынбасары, "Адал Құрылыс БМ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметтерін атқарған.

2022 жылдың қыркүйегіннен бастап Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымында еңбек еткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу