Жамбыл теміржолында пойыздар қозғалысы қалыпқа түсті

475

Облыстың теміржол учаскелерінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пойыздардың жылдамдығына шектеу белгіленген. 

Жамбыл теміржолында пойыздар қозғалысы қалыпқа түсті  Фото: М.Мұратбек

Жамбыл облысында ақтүтек боранның салдарынан жарияланған аумақтық табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарын жою бағытында жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған ҚТЖ "ЖТ Жамбыл жол бөлімі" және Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне" қарасты барлық мекемелердің қызметкерлері де жұмылдырылған.

Нәтижесінде жолдар қардан тазартылып, "Шу-Отар" учаскесіндегі жолда тұрып қалған 11 жолаушылар және 12 жүк пойызы өз бағыты бойынша жөнелтілді.

Ертеңгі уақыттың өзінде Көктөбе-Бел аралықтарынан 6 пойыз жөнелтілді және оның 3-еуі жолаушы пойызы.

Төтенше жағдайдың салдарын жою үшін Көктөбе станциясы бойынша №1255 пойызының астында қар тазалау бойынша 51 адам жұмыс істеді.

Тараз станциясынан көмекке 117 қызметкерден тұратын №5802 пойыз жіберілді. Оның ішінде: №51 жол дистанциясынан – 30, №21 электрмен жабдықтау дистанциясынан – 20, №34 белгі беру және байланыс дистанциясынан – 20, №35 қалпына келтіру пойызынан – 15, №26 жолаушылар тасымалы бөлімінен – 8, "РСП – 2" бойынша 15 адам бар. Жалпы 108 қызметкер, 3 жолсерік, 6 басшы жол қозғалысы шектелген аймақтарға жіберілді.

Ал Сарышаған станциясына жіберілген №5801 пойыз құрамында барлығы 47 қызметкер бар. РСП бойынша – 15 қызметкер Қорағаты-Тәтті аралағындағы жүру жолына, Жиделі станциясына 17 адам қайта жіберілді. 43-тармақ, Алматы-1-тармақ, Көктөбе станциясына 16 қызметкер қонып жатып, қызмет етуде.

Жұмылдырылған техникалар мен күштің арқасында түске дейін Көктөбе-Бел аралықтарынан  тағы 7 пойыз жөнелтілді және оның 3-еуі жолаушы пойызы.

Көктөбе-Шоқпар-Бел аралықтарында жұп және тақ жолдар бойынша түске дейін электр энергиясы берілген жоқ.

Қазір Көктөбе станциясы бойынша, Алматыдан және РСП-дан келген қызметкерлерді қосқанда 70 адам жұмыс істеп жатыр.

Шу станциясынан Көктөбе станциясына көмекке 20 адам автокөлікпен барды.

Сонымен қатар, № 5801 пойыз құрамында барлығы 47 жұмыс күші Қайраткөл станциясына жеткізілді.

Жиделі – Хантау – Қияхты аралықтарында желдің күшеюіне байланысты Жиделі станциясында 17 адам көмекке қалды. Барлығы 271 адам жұмылдырылған.

Айта кету керек, Шу станциясында жолда қалған жолаушылар мен жолды тазарту жұмыстарына тартылған қызметкерлерге арнап көліктік полиция департаменті, станция, теміржолға қарасты мекемелер мен бөлімдердің қызметкерлері тегін ыстық тамақ ұйымдастыруда. Түске дейін 4 қазан күріш басып, нан және ыстық шай таратылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу