Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай республикалық айтыс басталды

344

Жыр додасына 14 ақын қатысуда.

Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай республикалық айтыс басталды Фото: Таласбек Керей

Тараз қаласындағы "Баласағұн" орталық концерт залында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай "Жамбыл – менің жай атым, Халық – менің шын атым" атты республикалық ақындар айтысы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ақындар айтысы басталмас бұрын әулиеаталықтар облыс орталығындағы Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. 

2018 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан жыр додасына Мұхтар Ниязов, Жансая Мусина, Шұғайып Сезімхан, Рүстем Қайыртай, Нұрзат Қару, Батыржан Кәдірбай, Рауан Қайдаров, Мұхтар Қонарбаев, Қалижан Білдәш, Серік Қуанған сынды елімізге танымал аузы дуалы, ойы жүйрік ақындар қатысуда. Сонымен қатар Жамбыл облысының атынан Алтынкүл Қасымбекова, Нұрлыбек Құрманов, Әсет Дүйсебаев, Рай Дөңбай өнер көрсетеді. 

Айтысты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтай жүргізуде. Ал қазылар алқасының төрағасы ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман болса, құрамында жазушы, драматург Роза Мұқанова, ақын, журналист, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан, айтыскер ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі Айтмұханбет Исақов, айтыскер ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі Ахметжан Өзбеков, журналист, Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының директоры Жасұлан Әбдіхалық бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу