Солардың бірі – Дулати университетінде жоғары білім алып жатқан егіздер Ербол мен Нұрбол Тлебаевтар.
Бұл – олардың кәмелеттік жасқа толғаннан кейінгі өткен алғашқы сайлауы. Дауыс беру құқығына ие болған егіздер азаматтық белсенділік танытып, сайлау учаскесіне келіп, тұңғыш рет дауыс берді.
"Біз еліміздің тұрақты дамуын қалаймыз. Сондықтан бүгін өз таңдауымызды жасап, дауыс бердік. Мемлекетіміздің келешегі үшін бүгінгі сайлаудың маңызы зор. Сондай-ақ әр азаматтың даусы маңызды", - дейді Ербол Тлепбаев. Ал Нұрбол замандастарын саяси науқаннан қалыс қалмауға шақырады.
Айта кету керек, Жамбыл облысында 493 сайлау учаскесі бар. 3835 комиссия мүшесі, 3 мыңға жуық байқаушы сайлау барысын бақылауда.