Жамбылда 11 жасөспірім жалған терроризм туралы хабарлаған

467

Былтыр 12 жас жеткіншек осындай хабарлар жасағаны үшін ұсталып, жауапқа тартылған болатын.

Жамбылда 11 жасөспірім жалған терроризм туралы хабарлаған Фото: pexels

Оның үшеуі бас бостандығынан шектеу жазасын арқалаған.

Ал биыл 11 жасөспірімнің таратқан жалған террористік хабарламасы бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қылмыстық жаза жасына жетпеуіне байланысты төрт балаға қатысты іс тоқтатылды. 

Жалған хабар таратқан жас жеткіншектердің ата-аналары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 127-бабы бойынша жауапқа тартылып, айыппұл төледі. Қалғанына қатысты тергеу әлі жалғасуда. 

Мамандардың айтуынша, балалар деструктивті топтарда белгісіз адамдардың алдағанына сеніп, өздерінің жеке деректерін, телефон нөмірлерін, электронды жәшіктердің мекен-жайларын айтып қоятын жағдайлар жиі кездеседі екен. Олар соны пайдаланып, балалардың атынан көрінеу жалған хабарламаларды жібереді. 

Жалпы биыл өңірде жалған терроризм фактілеріне қатысты 118 қылмыстық іс тіркелген. 

Оның ішінде 21 қылмыстық іс бойынша күдіктілер анықталып, құрықталды. 11 адамға қатысты үкім шығарылып, қылмыстық жазағатартылған.

Қазақстанда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлаған адам 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл төлейді немесе сонша мерзімге түзеу жұмыстарына тартылады. Сондай-ақ 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. 

Ал жасөспірімдер үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу