Жамбылда 2 айда 37 035 жас жұмыспен қамтылды

446

Облыс бойынша биыл 46 953 жұмыс орны құрылады. 

Жамбылда 2 айда 37 035 жас жұмыспен қамтылды Фото: Shymkentaqparat.kz

Жастарды жұмыспен қамту – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарындағы ең маңызды мәселелердің бірі. Бүгінгі таңда елімізде өзекті мәселені шешу бағында арнайы бағдарламалар, жобалар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қолдаудың арқасында жыл сайын мыңдаған жас жұмыспен қамтылуда. Мәселен Жамбыл облысында жыл басынан бері 37 035 жас жұмыспен қамтылған.

Жалпы 2024 жылы облыс бойынша жалпы 46 953 жұмыс орны құрылады. 31 746-сы тұрақты жұмыс орны, 15 207-сі уақытша жұмыс орны. Жамбыл облыстық еңбек мобильділігі орталығы директорының орынбасары Адильхайыр Атиннің ұсынған деректеріне сүйенсек, жыл басынан бері 37 035 жас жұмыспен қамтылса, 138-і мүмкіндігі шектеулі екен.

"Жастарды жұмыспен қамтуға бағытталаған "Жастар практикасы", "Алғашқы жұмыс орны" және "Ұрпақтар келісімшарты" сынды жобалар өңірде сәтті жүзеге асырылуда. Нәтижесінде жастарымыз жұмыспен қамтылып, екі қолға бір күрек табуда. Мәселен биыл "Жастар практикасына" 2 660 жас тарту жоспарланып, бүгінгі таңда 403 жас жұмыспен қамтылды. 98 жас (жоспар – 1137) "Алғашқы жұмыс орны" жобасының игілігін көрді. Сол секілді "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы аясында 3 жас жұмысқа орналасты. "Қоғамдық жұмыстарға" 1 650 жас тартылды. Әлеуметтік жұмыс орындарын іске асыру арқылы 108 жас жұмыспен қамтылды.

2024 жылы түзеу мекемелерінен босатылған және қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған 35 жасқа дейінгі жастар қатарынан 47 азамат тұрақты және жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды", дейді Адильхайыр Серікжанұлы.

Облыстық еңбек мобильділігі орталығында жыл басынан бері жастарды жұмыспен қамту бойынша 53 шара ұйымдастырылыпты. Оның ішінде он төрт рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп, 243 мекемеден 724 бос жұмыс орны ұсынылған. Жәрмеңкеге барлығы 756 адам қатысып, жастар қатарынан 133 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу