Жамбылда 2026 жылға дейін 12 жаңа су қоймасы салынады

1323

Сондай-ақ қолданыстағы 4 су қойманы қайта жаңғырту жоспарлануда. 

Жамбылда 2026 жылға дейін 12 жаңа су қоймасы салынады Фото: gov.kz

Жамбыл облысында су тапшылығы мәселесін шешу мақсатында 2026 жылға дейін сыйымдылығы 60 миллион текше метрді құрайтын 12 жаңа су қоймасын салу және қолданыстағы 4 су қойманы қайта жаңғырту жоспарланып, бүгінгі таңда тиісті жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Атап айтқанда, 2022 жылдан бастап Меркі ауданында су жинау көлемі 1,9 миллион текше метрді құрайтын жаңа "Андас 1", "Андас 2", "Андас 3" су қоймаларының құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары 70 пайызға орындалған. Ал, Талас ауданындағы "Ақмола", Қордай ауданындағы "Ырғайты" және "Қалғұты" су қоймаларының құрылысына Су ресурстары және ирригация министрлігі тарапынан жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде. Жобалық-сметалық құжатты әзірлеуді аяқтау және сараптама қорытындысын алу 2024 жылдың тамыз айының соңына күтілуде.

"Қалған кіші 6 су қойма бойынша қазіргі уақытта аудандық әкімдіктер жер телімдерін заңдастыру бойынша жұмыстарды аяқтап жұмыс жобасын әзірлеуді бастады. Тиісті құжаттарды әзірлеу аяқталған соң қаржыландыруға бюджетке ұсынылатын болады.

Сонымен қатар Сарысу ауданында орналасқан "Ынталы" су қоймасын қайта жаңғыртуға 2022-2023 жылдары республикалық бюджеттен 202 миллион теңге бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстары 21 пайызға жүргізілді. Қазіргі уақытта нысанда құрылыс жұмыстары жобаға түзетулер енгізілуіне байланысты тоқтап тұр. Жобаның тапсырыс берушісі – ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Шу ауданында орналасқан "Тасөткел" су қоймасына 2019 жылдан бастап қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 3 115,0 миллион теңгені құрайды. Бүгінгі күнге 2 988,0 миллион теңгесі игеріліп, құрылыс жұмыстары 95 пайызға орындалды.

Республикалық меншіктегі "Қарақоңыз" және "Теріс-Ащыбұлақ" су қоймаларын қайта жаңғыртуға жұмыс жобалары әзірленуде. Жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді аяқтау және сараптама қорытындысын алу 2024 жылдың тамыз айының соңына күтілуде", - дейді Жамбыл облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Олжас Баққараев.

Осылайша жаңа су қоймаларын салу және қолданыстағы қоймаларды жаңғыртудан өткізу арқылы облыстағы суармалы алқаптың көлемі артатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу