Жамбылда 25 монополия 67 бағыт бойынша тарифті көтермек болған

412

Тағы екеуі шекті бағаны көтеруге мүдделі болған. 

Жамбылда 25 монополия 67 бағыт бойынша тарифті көтермек болған Фото: inbusiness.kz

Жыл басынан бері 25 табиғи монополия субъектісі тариф бекітуге байланысты 67 өтінім берген. Тағы екеуі шекті бағаны көтеруге мүдделі болған. 

Алайда Жамбыл облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті 17 өтінім және үш хабарлама бойынша өтінімді бекітуден бас тартқан. 

Қазіргі уақытта 10 өтінім қаралуда. Сегіз өтінімді субъектілер кері қайтарып алды. 

Департамент басшысы Алмат Әбдірайханның айтуынша, бүгінге дейін шекті бағадан асырып, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізген бес адамға қатысты алты әкімшілік бұзушылық туралы іс қозғалыпты. 

Кәсіпкерлерге 345 мың теңге айыппұл салынды.

Сондай-ақ техникалық шарттарды беру мерзімдерін бұзған субъекті  5,520 миллион теңге айыппұл төлеуге мәжбүр болған.

Инвестициялық бағдарламаны орындамаған 2 өндіріс орнына қатысты іс қозғалып, кәсіпорындар 3,312 миллион теңге айыппұл арқалады.

Тағы бір өндіріс орны жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметті заңсыз көрсеткен. Кәсіпорынның үстінен екі іс қозғалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу