Жамбылда 3 жаңа көкөніс қоймасы ашылады

801

Өнім өндірушілердің сұранысына сай туған қажеттілік. 

Жамбылда 3 жаңа көкөніс қоймасы ашылады

 Жамбыл өңірінде Меркі, Шу, Қордай аудандарында шаруалары егін шаруашылығының ішінде бақша дақылдарын өсіруге көбірек ден қойған. Сондықтан осы аймақта көкөніс сақтайтын қойма салу қажеттілігі өте өзекті болып тұр.

Биыл Жамбыл облысында салынып басталған 4 қойманың тура осы үш ауданда және Тараз қаласында ашылатыны бекер емес. 

Құрылыс жұмыстары 2023 жылға өтпелі. 4 қойманың жалпы сыйымдылығы 73,7 мың тоннаны құрайды.

Осылайша, өңірде өндірілген көкөніс өнімдерінің 300 мың тоннадан астамын сақтауға мүмкіндік туады. Дәл қазіргі уақытта облыста 247,7 мың тонна көкөніс сақтайтын 240 қойма жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 84-і  56,2 мың тоннаны құрайтын мұздатқышпен жабдықталған.

Былтыр сыйымдылығы 13 мың тоннаны құрайтын 3 қойма іске қосылған болатын.

"Жыл сайын Жамбыл облысында 2 миллион тоннаға жуық жеміс-көкөніс өнімдері өндіріледі. Өндірілетін өнімдер ішкі сұранысқа сай егіліп, өсіріледі. Соған қарай алты ай бойы ішкі нарыққа қажетті көкөніс өнімдеріне деген қажеттілік жоғары болатыны түсінікті. Сондықтан, көкөніс қоймаларын салу және оны сыйымдылығы үлкен мұздатқыштармен жабдықтау аса маңызды. Сонда ғана облыстың ішкі тұтынымын толық қамтамасыз етуге мүмкіндік болады", - дейді Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ербол Жиенқұлов.

Әзірге маусымаралық кезеңде, яғни қаңтар-сәуір айларында 51,8 мың тонна көкөніс өнімдерін жұмыс істеп тұрған қоймаларда сақтауға толық мүмкіндік бар.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу