Жамбылда 3 жылда 421 жылыжай салынады

595

Жамбыл облысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін 10 бағыт нақтыланып, алдағы 3 жылда 421 жылыжай салу жоспарланған. 

Жамбылда 3 жылда 421 жылыжай салынады Фото: Foodindustry.kz

Өңірдегі өзекті мәселелерді шешу бағытында облыстың 2025 жылға дейінгі даму жобасы жасалған. Онда негізгі жеке инвестициялық, бюджеттік, жұмыспен қамту жобаларына басымдық берілген. Жылыжайларды салу – жеке инвестициялық бағыттағы жұмыстардың бірі.

Жалпы өңірдің даму жоспары арқылы әрбір елді мекен бөлінісінде жұмыспен қамтуды көздейтін бюджеттік және бюджеттен тыс инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыра отырып, ауыл халықының табысын арттыру, тұрмыс жағдайын жақсарту көзделген.

Жоспар бойынша 3 жылда 153 ауылдық округте және 4 қалада ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларында құны 2,16 триллион теңгені құрайтын 1193 жобаны іске асыру көзделген. Бұл 13,9 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Оның 12,7 мыңы тұрақты, 1,2 мыңы уақытша маусымдық жұмыстар болады.

Осы бағыттар жүзеге асса, еңбек өнімділігі 2,7 пайызға, ал ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 10 пайызға артады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу