Жамбылда 64 мыңға жуық адам декларация тапсырмаған

1076

Биыл облыста декларацияны 133,8 мың жеке тұлға тапсыруы қажет. 

Жамбылда 64 мыңға жуық адам декларация тапсырмаған Фото: inbusiness.kz

Қазақстанда 1,2 миллион адам жалпыға бірдей декларация тапсырмаған. Ал Жамбыл облысында 2024 жылдың басынан бастап 70 мың жеке тұлға немесе декларанттардың жалпы санының 52,2 пайызы декларация тапсырған. Жалпы облыста биыл декларацияны 133,8 мың жеке тұлға тапсыруы қажет, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жамбыл облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Жандос Лахаевтың айтуынша, декларацияның 99,9 пайызы электронды түрде, атап айтқанда салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), "Электронды үкімет" порталы (egov.kz) және "е-Salyq Azamat", "eGov mobile", Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz мобильді қосымшалары арқылы тапсырылған. Басқарма басшысы декларация тапсыру бойынша мемлекеттік органдармен түсіндірме жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқанын айтады.

"Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңінде осы жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер сондай-ақ олардың жұбайы (зайыбы) болып саналатын барлық жеке тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын (250.00-нысан) ұсына бастады, декларацияны тапсырудың сонғы мерзімі – 15 қырқүйекке дейін.

Оған үлгермеген немесе әдейі жалтарғандар жауапқа тартылады. Алдымен оларға ескерту жасалады. Бірақ 1 жыл ішінде мүлкін жарияламаса, 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалайды", - дейді Ж.Лахаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу