Жамбылда бір ауылдың тұрғындары ауызсудан тарығып отыр

535

Жамбылда Тоғызкент ауылының тұрғындары күніне сағаттап қана берілетін ауызсудан таршылық көріп отыр.

Жамбылда бір ауылдың тұрғындары ауызсудан тарығып отыр Фото: Turkystan.kz

Ыдыстарына су құйып алып үлгергендер алды, басқасы сол күні сусыз қалады.

Сарысу ауданындағы Тоғызкент ауылында ауызсу жүйесі тартылған. Көше-көшеге құдық та қойылған. Алайда, суды әр көшеге кезек-кезегімен сағаттап берген соң, суға жарымай отырмыз дейді ауыл тұрғындары.

"Қолы жеткендер су құбырын ауласына тартып, матор қойып алған. Ал маторы жоқтарға су жетпейді. Сыздықтап ағып қалған құдықтан бір сағатта қанша су алып үлгересіз. Сөйтіп, суды үнемдеп жұмсап отырған жайымыз бар", - деп ашынды тоғызкенттік М.Шыналиева.

Ауыл қариясы Қ.Алдиярбеков те ауылда су күніне сағаттап қана берілетінін айтты. Тоғызкентте ауызсу ғана емес, ағын судың өзі проблема екенін жеткізді.

Ал Тоғызкент ауылының былтыр сайланған әкімі Медет Күзембаев ауызсу жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгенде ғана бұл мәселе шешімін табады дейді.

Әкімнің айтуынша, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттары дайындалып, енді қаржыландыруды ғана күтіп отыр екен. 400 миллион теңгедей қаражат республикалық бюджеттен бөлінбекші. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу