Жамбылда бруцеллезбен ауру деңгейі жоғары

575

Жыл сайын жұқпалы ауру жұқтырған 150-ге жуық науқас тіркеледі. 

Жамбылда бруцеллезбен ауру деңгейі жоғары Фото: Ак Жайык

Бруцеллез  Қазақстанның оңтүстік өңірінің, оның ішінде Жамбыл облысындағы өзекті проблемаларының бірі болып отыр. Сырқаттың түрлі алдын алу шараларына қарамастан, аурушаңдық көрсеткіші жоғары.

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары өңірде жыл сайын жұқпалы ауру жұқтырған 150-ге жуық науқас тіркелетінін алға тартты. Олардың әрбір үшіншісі ауыр формамен ауыратындар болса, әрбір бесіншісі балалар мен жасөспірімдер екен.

"Дер кезінде дәрігерге қаралмағандарының 15 пайыздан астамында дерт созылмалы түрге ауысады. 2022 жылы облыстың 103 тұрғыны осы инфекциямен ауырған, оның 26 -сы балалар мен жасөспірімдер. Бұл алаңдатарлық жағдай", - дейді басқарма басшысы Жанар Оспанова.

Айта кету керек, жұқпалы аурудың алдын алудың бірден-бір жолы – мал сатып алу кезінде ветеринариялық анықтаманы талап ету. Ауру малды табынға жібермеу керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу