Жамбылда форель өсіріледі

944

Қордай ауданы Сортөбе ауылындағы су қоймасы форель балығының екі түрін өсіріп, көбейтіп отыр деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Жамбылда форель өсіріледі

"Kordai Fish" - Қордай ауданы Сортөбе ауылында 2019 жылы пилоттық жоба ретінде іске қосылған. Бүгінгі таңда форель шаруашылығы аяққа нық тұрып, өсірген балықтарды Алматы қаласына сатылымға шығарады.

Қазір су қоймаларында форелдің кемпірқосақ және кәріптас түрлері 100 мыңға жеткен. Бір "кемпірқосақтың" салмағы алты келі, ал "кәріптас" үшке келіге дейін тартады.

Форель аса "кірпияз" балық. Тамақтандыру режимі күніне екі рет – таңғы 07:00 және кешкі 18:00-де. Судың тазалығы мен қатар температура режимін де қатаң сақтау керек. Бір қоймадан екіншісіне ауысу циклі де, суды оттегімен қанықтыру да талапқа сай болуы тиіс дейді мамандар.

"Қазір фермада шабақтарды өсіру үшін инкубациялық цех, сондай-ақ балықты кесу және мұздату үшін үй-жайлар салынуда. Өндірісті кеңейтсек, 50-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеміз. Былтыр 40 тонна балық өсірдік. Биыл жоспарланған межеге жете деген ойымыз бар. Бірақ, су жеткіліксіз", – дейді форель шаруашылығының басшысы Рамазан Харсанов.

Шаруашылық аумағында екі ұңғыма бұрғыланған екен. Алайда су жеткіліксіз көрінеді. Бұл мәселені шешу үшін қосымша бассейндер мен тоғандар салу керек екен. Қосымша 15 ұңғыманы бұрғылау қажеттілігі осыдан туыпты. Шаруашылық басшысының айтуынша, бұл өнім көлемін 80-100 тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстарының барлық кезеңдері аяқталғаннан кейін шаруашылықта жылына 150 тоннаға жуық балық өндіру жоспарлануда. Форельден басқа, бекіре тұқымдас балықтар өсіру жоспарда бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу