Жамбылда интернет-алаяқтықпен ұсталғандардың 11-і көрші облыстардың тұрғындары

522

Алаяқтарға ара қашықтықтың өзі "бұйым" болмай тұр.  

Жамбылда интернет-алаяқтықпен ұсталғандардың 11-і көрші облыстардың тұрғындары Фото: google.com

Қолға түскен 4 жамбылдықтан басқасы Алматы, Шымкент, Семей қалалары мен Алматы, Түркістен, Қызылорда облыстарының тұрғындары екен.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Шоқан Әлжанов бүгінге дейін онлайн жасалған 59 қылмыстық іс тіркелгенін айтты. Оның 19-ы өндіріспен аяқталса, 42 істің мерзімі қысқарған, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Жалпы 351 адам алаяқтарға алданып қалған. Киберқылмыстың ашылуы 4 пайызға өскенімен, "онлайн" отырып-ақ кісі сеніміне кіріп, оның кірісін түгел өз қалтасына басып алатын қуларға ешкім тосқауыл бола алмай тұр.

Облыс орталығы мен шағын шаһарларда интернет алаяқтықтың 229 оқиғасы тіркелген.

"Сарысу аудандық полиция бөліміне Жаңатас қаласының 50 жастағы тұрғыны өзін алаяқтардың алдап соққанын айтып шағымданды. Сеніміне кіріп, банк қосымшасы арқылы 1 миллион теңге жуық қаржыға тауарлық несие рәсімдеп беремін деп, сан соқтырған. Ал ол  Түркістан қаласының 30 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдіктіні облысқа жеткізіп, қамауға алдық", - дейді Шоқан Әлжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу