Жамбылда қарды уақытылы тазаламаған 30 басшы жауапқа тартылды

1358

Лауазымды тұлғалар 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалады. 

Жамбылда қарды уақытылы тазаламаған 30 басшы жауапқа тартылды Фото: Жамбыл облыстық полиция департаменті

Жамбыл облыстық полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында автомобиль жолдарын күнделікті тексеруден өткізуде. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында бірқатар кемшіліктер анықталып, автомобиль жолдарын қанағаттанарлықсыз жағдайда ұстағаны үшін 30 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жамбыл облыстық полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жайдарбек Құттыбаевтың айтуынша, мердігер мекемелердің міндетіне салғырт қарауының салдарынан оқыс оқиғалар, жол апаттары жиі орын алады. 

"Қардың уақытында тазаланбауы қар үйінділерінің пайда болуына, жолдың жүріс бөлігінің қатуына және тарылуына әкеліп соғады. Сондай-ақ көктайғаққа қарсы материалдардың себілмеуі жолаушыларға және көлік жүргізушілеріне қауіп төндіреді. Сол себепті полиция қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кемшіліктерді дер кезінде анықтап, жою бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. 

Жамбыл облысының республикалық және жергілікті жолдарындағы әкімшілік полицияның жол-техникалық инспекциясының қызметкерлерімен жол қозғалысының қауіпсіздігіне әсер ететін кемшіліктер анықталды.

Анықталған кемшіліктер бойынша Байзақ, Талас және Меркі аудандарының мердігер мекемелеріне қатысты ҚР Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы Кодексінің 631-бабы 1-бөлігі (жолдарда жұмыстар жүргізу, жолдарды, темір жол өтпелерін және басқа да жол құрылыстарын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Лауазымды тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш (36 920 теңге) көлемінде айыппұл салынды", - деді Жайдарбек Құттыбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу