Жамбылда көктемгі дала жұмыстары басталды

1347

Егіс жұмыстарын қаржыландыру мақсатында "Кең дала" бағдарламасы арқылы 2,5 миллиард теңге қаржы қарастырылған.  

Жамбылда көктемгі дала жұмыстары басталды Фото: Inbusiness.kz

Биыл Жамбыл облысында 644,5 мың гектар алқапқа ауылшаруашылығы дақылдарын егу жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бүгінде дала жұмыстарына қажетті 44,8 мың тонна тұқымның 42,9 мың тоннасы дайындалып Байзақ, Жамбыл, Меркі аудандарында көктемгі дала жұмыстары басталып, 6 975 гектар жер жыртылса, 2 780 гектар алқап егіске дайындалған. Одан бөлек 1280 гектарға - арпа, 225 гектарға - көкөніс, 32 гектарға картоп егіліп үлгерген. Ал жетіспейтін тұқым көлемі облысымызда және көрші облыстарда тұқым өндіруге және сатуға аттестатталған шаруа қожалықтар тарапынан толықтырылатын болады.

Жамбыл облысы әкімдігі ауылшаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Мұқашевтің айтуынша, биыл дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 364,7 мың гектарға, майлы дақылдар – 45,8 мың, қант қызылшасы – 7,9 мың, картоп – 4,5 мың, көкөніс – 23,1 мың, бақша дақылдары 7,9 мың гектарға және мал азығы дақылдары 190,5 мың гектарға егіледі.

Сондай-ақ, биылғы егіс жұмыстарына 7 311 ауылшаруашылығы техникасын (4 585 трактор, 1 234 соқа, 580 қопсытқыш, 822 дәнсепкіш, 90 тұқым дәрілегіш) жұмылдыру жоспарланған.

Нұржан Нұрланұлының сөзінше, дала жұмыстарына қажетті дизель отыны 10,8 мың тоннаны құраса, 2,9 мың тоннасы облысқа жеткізіліпті. 826,7 тоннасы шаруашылықтарға таратылған. Жанар-жағармай 250 теңгеден босатылуда.

Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру мақсатында "Кең дала" бағдарламасы арқылы 2,5 миллиард теңге қаржы қарастырылған. Бүгінгі күні 1,2 миллиард теңгеге 77 өтінім мақұлданып, төлем жұмыстары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу